Ұлттық компаниядан өз еркімен жұмыстан кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз өтінішімен қызметінен кетті. Бұл шешім компаниядағы сыбайлас жемқорлық дауына тұспа-тұс келді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Компанияның мәліметінше, директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан. Міндеттері басшылық құрамында қайта бөлінген.

Еске салайық, 23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен компанияның өзге де өкілдерін сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Бұл схема «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығымен байланыстырылады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика