Мәслихат сайлауына дайындық: елде қанша учаске жұмыс істейді?

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Jurtmedia

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумовтың айтуынша, еліміз бойынша барлығы 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Оның ішінде 9 782 учаске азаматтардың тұрғылықты жері бойынша орналасса, 556 учаске уақытша болатын орындарда құрылған. Олардың қатарында ауруханалар, әскери бөлімдер және басқа да мекемелер бар.

Сонымен қатар заңнама талаптарына сәйкес, 101 сайлау учаскесінде дауыс беру әдеттегіден ертерек, яғни таңғы сағат 06:00-де басталады. Бұл учаскелердің басым бөлігі азаматтар уақытша болатын орындарда орналасқан.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика