Астанадағы «Көктал» сауда орталығында болған жаппай төбелеске қатысқан екі жасөспірім бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар тонау, алаяқтық және өзге де қылмыстарға кінәлі деп танылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сот анықтағандай, биыл 26 наурызда сауда орталығында болған жанжал кезінде бірнеше адам соққыға жығылған. Бұдан бөлек, жасөспірімдер телефон ұрлап, қорқытып ақша алған және банк шотынан қаражат жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асқан.
Сот екі жасөспірімге бес жыл түрме жазасын тағайындады. Тағы үш жасөспірім жәбірленушілермен татуласып, шығынды өтегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
