Сот Бажкенованың Аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады

Алматы қалалық Апелляциялық алқа соты Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты Бостандық аудандық соты шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Апелляциялық алқа Бостандық аудандық сотының Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторын сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін өзгеріссіз қалдырды. Жаза екі жылға кейінге шегеріліп, бес жыл мерзімге журналистикамен, блогингпен және қоғамдық қызметпен айналысуға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, – делінген дереккөз берген ақпаратта.

Айта кетейік, Бажкеноваға қатысты үкім 18 тамызда шығарылған болатын. Оған ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылған. Алайда, ол сот отырыстарында тағылған айыптардың ешқайсысын моындамайтынын айтқан.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика