Оқиға Шымкент қаласы Түркия көшесінде жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Өрт сөндіру қызметі келген кезде құрылыс аумағында арнайы қаптама мен ағаштардың жанып жатқан.
Сондай-ақ өзге де құрылыс материалдарын жалын шарпып үлгерген.
Өртті жедел сөндіру үшін дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Бұл өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді. ТЖМ қызметкерлері өртті жедел оқшаулап, толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ,-делінген ТЖМ берген ақпаратта.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
