Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған, Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаруға кірісті, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі жазды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды,-делінген хабарламада.
Ол 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстандық саясаткер, генерал-лейтенант, 2024 жылдан 2026 жылға дейін Төтенше жағдайлар министрі болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйектегі екінші Олжас Бектенов үкіметінің құрылуы барысында Әрінов қызметінен босатылды.
