Ақмола облысында матч кезінде футболшы қайтыс болды

Атбасарда өңірлік жарыс кезінде Астанадан келген 58 жастағы футболшы алаңда өзін бірден жайсыз сезінген,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Алдын ала анықталғандай, ойыншының өліміне оның жүрек ауруы себеп болған.

Акмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,1968 жылы туған ер адамның көз жұму дерегі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатқаны, оның нәтижелері бойынша түпкілікті шешім қабылданатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, аталған жарысты кімдер ұйымдастырғаны да айтылды.

Іс-шараны Атбасар қаласының әкімдігі өткізген. Жарысты ұйымдастырушы спорт басқармасы да, басқармаға қарасты ұйымдар да емес. Бұл іс-шара спорт басқармасымен келісілмеген, — деп мәлімдеді Ақмола облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Командалық кездесу кезінде елордалық 58 жастағы ойыншының жағдайы нашарлап, дәрігерлер бірден шұғыл медициналық көмек көрсете бастағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Фото: ашық дереккөзден.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика