Алматыда тұрғын үйден өрт шығып 100-дан аса адам эвакуацияланды

Бүгін «112» пультіне Алматы қаласы, Дарабоз шағын ауданында орналасқан 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері келген кезде 11-қабаттағы пәтерлердің бірінің ас үй бөлмесінде ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталды.

Құтқарушылар дереу барлау жұмыстарын жүргізуге, тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға кірісті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары баспалдақ маршы арқылы, құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сондай-ақ шамамен 100 адам эвакуацияланды,-делінген Төтенше жағдайлар министрлігі берген мәліметте. 

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Фото: Видеокадрдан алынды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика