Астанадағы Қажымұқан сатадионы қайтарылған қаражат есебінен жаңартылды

Елордада мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасуда,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Солардың бірі-Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион.

Президент тапсырмасы бойынша Астана прокуратурасы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жобаны іске асырды.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион — ондаған жылдар бойы ұлттық спортты дамыту орталығы ретінде қызмет еткен елорданың айтулы спорт нысандарының бірі. Кең ауқымды қайта құрудан кейін стадион заманауи және көп функциялы болды. Қазір ол халықаралық талаптарға сай. Спорттық жарыстарды, жаттығу процестерін және жаппай іс-шараларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Елордада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және іске асыру барысы Астана прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика