Киік қорғаудағы тәжірибе АҚШ-та таныстырылды

Еліміздің киік популяциясын сақтау және қалпына келтіру тәжірибесі АҚШ-тағы халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстырылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Таныстырылым 12 қарашада Нью-Йорк қаласында The Explorers Club халықаралық зерттеу ұйымының Орталық Азия бөлімшесінің ашылу рәсімі аясында өткен.Іс-шарада Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілі Альберт Салемгареев еліміздің табиғи мұрасы мен киіктерді қорғау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, кезінде саны күрт азайған киік бүгінде Қазақстандағы табиғатты қорғау шараларының нәтижесін көрсететін маңызды мысалға айналған. Бұған ұзақ жылдар бойы жүргізілген қорғау жұмыстары, ғылыми зерттеулер, тұрақты мониторинг және табиғат қорғау ұйымдарының бірлескен қызметі ықпал еткен.

The Explorers Club ұйымының Орталық Азия бөлімшесінің ашылуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен экспедициялар ұйымдастыруға және өңірдің табиғи мұрасын зерттеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика