Қазақстандық Qajet такси шақыру сервисіне отандық цифрлық карталар мен геосервистерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Министр Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырысында «Қазгеодезияның» цифрлық карталарын Qajet платформасына интеграциялау мәселесі талқыланды.
Жоба жүзеге асса, қосымшада мекенжайларды іздеу, нысандардың орналасқан жерін анықтау және маршрут құру мүмкіндіктері жетілдіріледі.
Бастаманың мақсаты – мемлекеттік картографиялық деректерді бизнес саласында пайдалану және Қазақстанның жеке навигациялық технологияларын дамыту.
Қазір интеграция мәселесі пысықталып жатыр. Жобаны іске қосу мерзімі әзірге жарияланған жоқ.
