Зардап шекендер бар: Қарағанды облысының төрт ауданында дала өрті тіркелді

Тілсіз жау Қарағанды облысындағы Шет, Ақтоғай, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарындағы далалы аймақта болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақтоғай мен Шет аудандарында өрт толық сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды.

Облыстық ТЖД базасында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылының маңына әуеден барлау жүргізіліп, жаңа өрт ошақтары анықталмаған. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтеншеліктердің айтуынша, күннің аптап ыстықтығы мен қатты соққан аңызақ жел өртті сөндіруді қиындатып отыр.

Қарқаралы ауданында 1989 және 1970 жылы туған екі ер адам медициналық көмекке жүгінген.Олардың біреуі 10%, екіншісі 20% дене күйігін алған. Қазіргі таңда екеуі де ауруханада, жағдайлары тұрақты.

Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 620 маман және 134 техника жұмылдырылды.

Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы маңында 2 бригада (159 адам, 52 техника) өртке қарсы шараларды жүргізіп жатыр. Бесоба ауылы маңындағы қыстаулардың жанында болған 3 өрт ошағы толық жойылды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика