ақпарат ағыны

Мектеп есепшісі туыстарына 90 млн теңге аударып жіберген

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады,- деп хабарлады Jurtmedia.kz

Ол 90 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

 Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.  Алдын ала келтірілген шығын 90 млн. теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды, — делінген Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік,  осыған ұқсас дәйек Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу кезінде 10 млн. теңгеден астам шығынды өтеген.

Фото: ашық дереккөзден