Оқиға елорданың Байқоңыр ауданында Ш. Жиенқұлова көшесі бойындағы «Сапа» базары аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі берген алдын ала мәлімет бойынша, ғимаратта көлемі 50 литрлік композиттік газ баллоны жарылған.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді,-делінген хабарламада.
Жарылыс ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік орны опырылып түскен.
