Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерсіз қалды

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Оның айтуынша, нидерландтық маманмен жасалған келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Тараптар келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдаған.

Джон ван’т Схип ұлттық құраманы биыл тамызда қабылдап, Талғат Байсуфиновтың орнын басқан еді. Алайда оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында бірде-бір жеңіске жете алмады.

Команда алты матчтың үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түсті. Нәтижесінде үш ұпай жинап, С дивизионында соңғы орынға тұрақтады.

Енді Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманы алдағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуге бастайтын жаңа бас бапкер іздеуге кіріседі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика