Балқаш көліне батып кеткен баланы Ұлттық ұлан офицері құтқарып қалды  

Оқиға 15 шілде күні сағат 15:30 шамасында Қарағанды облысы, Шұбар түбек кентіндегі ашық жағажайда болған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы әскери ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, алғаш болып ҚР Ұлттық Ұланының  “Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің броньды танк қызметінің бастығы майор Дияр Жақыпов көмекке келген. Оқиға болған кезде офицер еңбек демалысында болған және отбасымен бірге көл жағасында демалып жүрген.

 Біз отбасымызбен жағажайда демалып жатқанбыз. Кенет: «Көмектесіңдер! Баламды құтқарыңдаршы!» деп айқайлаған әйел адамның шарасыз даусын естідім. Бірден жүгіріп барсам, бір бала суға батып бара жатыр екен. Баланың бөтені жоқ қой. Ойланбастан суға секірдім де, жылдам жүзіп бардым. Адам өмірінен артық қандай құндылық бар?! Сол кездегі бар ойым — уақыт жоғалтпай баланы құтқару болды. Шүкір, аман-есен жағаға шығарып, анасына тапсырдым.– дейді майор Дияр Жақыпов.

Офицердің жедел және шешуші әрекеттерінің арқасында жамандықтың алды алынды. Қазір баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

фото: ашық дереккөзден алынды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика