Халық Кеңесіне төраға орынбасары тағайындалды

Бұл қызметке бұған дейін Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған Қанатбек  Жайсанбаев келді, -деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген хабарламада.

Ол бұған дейін, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап, Президент Әкімшілігінде Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Оған дейін, 2021 жылдың сәуірінен бастап, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика