Бес адамның өліміне ікеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы Ақмола облысына қарасты Астана-Қорғалжын тас жолында болған, — деп хабарлайды jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Criminal Kazakhstan Telegram арнасының жазуынша, оқиға үш бірдей көліктің соқтығысуы салдарынан болған
Дереккөз берген мәліметке сәйкес, Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соғылған. Соқтығысудан кейін екі жол талғамайтын көлік толығымен өртеніп кеткен.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтауда.
