Мәжіліс жаңа Конституцияға байланысты Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бүгін «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заң екінші оқылымда қабылданды.
Түзетулер бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуымен, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуымен, сондай-ақ азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуі кезіндегі мемлекеттік бажды алып тастаумен байланысты. Ұсынылып отырған түзетулер құқықтық-техникалық сипатқа ие және заңнаманы жаңа институционалдық жүйеге сәйкестендіруге бағытталған. Олар салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді,-делінген Мәжілістің баспасаөз қызметі берген ақпаратта.
