ақпарат ағыны

Астанада аудан әкімдігі мерекелік безендіруге 176,5 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсамақ

Астана қаласы  Нұра ауданының әкімдігі мерекелік шараларды тек безендіру жұмыстарына қыруар қаражат жұмсауға конкурс жариялаған деп хабарлайды Jurtmedia.kz

 

Тапсырыс беруші – «Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; Лоттың атауы – елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа да іс-шараларға дайындау/көркемдеу жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттама – мерекелік және басқа да іс-шараларға арналған аумақты безендіру.  Жоспарланған сома 176 428 571,42 теңге, — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Сонымен қатар конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2 ақпаннан 19 ақпанға дейін жүргізілетіндігі айтылған.

Айта кетейік, елордада бүгінде Есіл, Алматы, Сарыарқа, Байоңыр, Нұра секілді барлығы бес аудан бар.