Астанадан тағы бір шетелге тікелей әуе рейсі пайда болды

Жақын күндері ашылатын Астана — Ереван — Астана жаңа халықаралық әуе бағыты тұрақты қатынайтын болады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Рейстер аптасына бір рет — дүйсенбі күндері орындалады.

 Жаңа рейсті 20 сәуірден бастап Shirak Avia әуе компаниясы аталған бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы жолаушылардың қатынауына қолайлы жағдай жасап, туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етеді. Бұл жаңа бағыт жолаушылар үшін сапарларды ыңғайлы жоспарлауға және жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік береді,-делінген Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика