Әлеуметтік желіде andersonchik1 лақап атымен танымал блогер, Ильяр Ювашев еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті оған мемлекетаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.
Ильяр Салаватович Ювашев, 23.06.1998 ж.т. Қазақстан Республикасының азаматы.
Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.
Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
