Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында орналасқан референдумға дауыс беру участоктарының біріне келді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода экс-президенттің елордадағы Астана-опера театрында орналасқан №228 дауыс беру участогынде таңдау жасағанын көруге болады.
Оның қасында тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай келе жатыр.
Айта кетейік, Назарбаевтың бұдан бірнеше күн бұрын Дубай қаласында кешкісін ауызашарға бара жатқан фотосы жарияланған болатын.
