Атырауда мектеп оқушысы қыз балаға өткір затпен жарақат салды

Атыраудағы мектептердің 8-сыныпта оқитын қыз бала 9-сынып оқитын оқушының қолынан жарақат алды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оқиға туралы ақпаратты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылған.

Жарақат алған оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Алдын ала ақпарат бойынша,тоғызыншы сынып оқушысы жарақатты өткір затпен салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде.Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады полиция департаментінің өкілі. 

Департамент жасөспірімнің ата-анасы да бала тәрбиесі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауап беретіндігін атап өтті.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті жәбірленушіге жедел медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

Алғашқы тексеруден және жедел жәрдемнен кейін ол әрі қарай бақылау және ем қабылдау үшін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Науқастың жағдайы орташа және тұрақты деп бағалануда. Ол үнемі медициналық бақылауда және қажетті медициналық көмек алып жатыр. Емдеу қолданыстағы клиникалық хаттамаларға толық сәйкес жүргізілуде. Жағдай бақылануда, — делінген облыстық денсаулық сақтау департаменті берген ақпаратта. 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика