Тілсіз жау Талғар қаласында екі қабатты өндіріс орнындағы жалпы көлемі 500 шаршы метр аумақты қамтыған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алматы облысы диспетчерінің пультіне Талғар қ. Қарасай батыр көшесі бойында орналасқан жиһаз дайындау бойынша өндірістік цех ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген бетте шатырдың ашық жануы байқалды.

Көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне және қатты түтінге қарамастан, ТЖМ қызметкерлері 500 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
