Қолайсыз ауа райына және Қандыағаш-Ақтөбе бағытындағы автожолдардың уақытша жабылуына байланысты жолда қалып қойған 540 жолаушы жетер жерлеріне пойызбен тасымалданды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі жазды.
Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станцияларда ұйымдастырылды:
• Қандыағаш станциясынан — 139 жолаушы №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Алға станциясынан — 122 жолаушы:
• 50 жолаушы №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• 72 жолаушы №109 «Маңғыстау — Ақтөбе» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Ақтөбе станциясынан — 279 жолаушы №110 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызымен Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына дейін жеткізілді.
Компанияның жазуынша тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелген.
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ
