Түркістан облысында денсаулыққа зиян темекі өнімдерін шығарған цех анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін (снюс) заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленіп, толықтай жойылды.

Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылып, күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылған. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып отырған.⚠️

Тінту кезінде 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 млн дана бір реттік снюс мөлшерін өндіруге жеткілікті болған. Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды,- делінген ҚМА баспасөз қызметі берген ақпаратта.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
❗️

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика