Еліміздің Қорғаныс министрлігі елдегі әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізбекші, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы әскери ведомствоның ресми өкілі Әйгерім Ағылтаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы күндерде автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Алматы, Қонаев, Талдықорған тұрғындарына!!!Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізетінін хабарлаймыз. Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз,- деп жазды ресми өкіл.
