Сабыржан Махметов өмірден өтті

 Жекпе — жек Федерациясының Президенті қазақ кикбоксинг өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сабыржан Махметов қайтыс болды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Қаралы хабарды алғаш болып белігілі жазушы бейбіт Сапаралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құдайға қайтпайтын пенде жоқ! Сабыржан қажы, Сабыржан Махметов батыр ағамыз, досымыз да бақилық болды деген қаралы хабар жетті! Кеңестер Одағы әскерінің ең таңдаулысы саналатын әуе-десант құрамының (ВДВ-ның) үш дүркін чемпионы атанған, 1991 жылы Орал казактарының көтерілісіне арнайы барып көпшілікпен бірге батыл тойтарыс берген, Қазақ елінде тек қана қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы тиіс, Қазақстан көпұлтты емес, бірұлтты мемлекет деп жар салудан еш танбаған, қай жерде қазақ ұлты мәселесі ушыққан болса дереу сол жерден алдыңғы қатардан табылатын батыр қазақ. Сол батыр Сабыржан да қасиетті рамазан айының қарсаңында 67 жасында раббысына қайтып отыр. Құдай тағала біліп-білмей істеген барлық күнәларын кешіріп, қабір азабынан сақтап, мәңгілік мекенін жәннат етсін!,-деп жазды жазушы өзінің жазбасында.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика