Астанада жалған промокод жасап, сауда үйіне залал келтірген алаяқтар сотталды

Қылмысқа қатысушылар iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарлар, тоңазытқыш секілді электроника тауарларын сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.   .

Алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобын Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органы әшкереледі.

Тергеу барысында анықталғандай, сауда үйінің қызметкері 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген.

Сауда үйіне келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрады.

Қылмыстың барлық 10 қатысушысы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика