Жетісу облысында кісі қолынан алған ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмған Айзат Жұманованың өліміне қатысты шулы іс бойынша сот оның күйеуін кінәлі деп танып, ұзақ жылға бас бостандығынанан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сот үкімімен оның күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс бойынша анықталған жауаптылықты ауырлататын мән-жайды — қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалғанын ескере отырып, сот Ж.-ны кінәлі деп таныды. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен, ең жоғарғы шекке жақын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты берген ақпаратта.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қаралған.
2025 жылғы 22 маусымда сағат 00.00 шамасында мас күйде болған Ж. жәбірленуші Д.-ны үйдің қақпасынан сыртқа шығарып, оның денесінің өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші кейіннен ауруханада қайтыс болды. Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденеді, — деп көрсетілген сот үкімінде.
