Отандық танымал бизнесмен, инвестор, меценат, қоғам қайраткері, Q4 бизнес тобының негізін қалаушы, Талғат Сақанның «Миллион қарыздан Миллиард табысқа: Шыңға шығудың шынайы оқиғасы» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Туынды қарапайым ауыл баласының қарыздан шығып, миллиондаған долларлық компания құрғанға дейінгі өмір жолын баяндайтын әсерлі еңбек.
Автор өз өмірінде орын алған құлдырау мен қайта өрлеу кезеңдерін ашық жазып, сол тәжірибенің негізінде жатқан құндылықтар, тәуекел, табандылық және жауапкершілік туралы шынайы сабақтарымен бөліседі.
Кітапта оқырман кәсіпті бастау, ойлау жүйесін өзгерту, инвестор тарту, команда құру және бизнесті масштабтау сияқты маңызды тақырыптарды нақты мысалдармен түсіндіреді. Әр бөлім — автордың жеке тәжірибесі мен жылдар бойы жинаған білімдерінің жүйелі түрде берілген құнды жол картасы.
Бұл еңбек — шыңға шығудың ішкі және сыртқы механизмдерін түсінгісі келетіндерге арналған. Өз өмірін қолына алғысы келетін, қарыздан, қорқыныштан немесе тоқыраудан шығуды көздейтін әрбір жан үшін бұл кітап сенімді жетекші бола алады.
Аталған кітап — автордың шынайы тәжірибесіне негізделген ішкі трансформация мен кәсіпкерлік ойлауды дамытуға арналған практикалық, мотивациялық жол көрсеткіш.
Аннотацияда бұл кітап автордың қарыздан шығып, табысқа жету жолына, сондай-ақ құндылықтар, ойлау жүйесі және кәсіпті дамыту қағидаттарына арналғаны көрсетілген.
Кітаптың негізгі бөлімдерінде автордың жеке тәжірибесі, құндылықтар жүйесі, ойлауды өзгерту қағидаттары, кәсіпті бастау жолдары, команда құру, инвестиция тарту және бизнесті масштабтау жөніндегі практикалық тәсілдері баяндалады.
Автор өз тәжірибесі бойынша жазылған «Миллион қарыздан Миллиард табысқа: Шыңға шығудың шынайы оқиғасы» кітабы кәсіпкерлікке, іскерлікке, бизнеске қызығушылық танытқан барша оқырманға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
Айта кетейік Талғат Сақан «Ерен еңбегі үшін» және меценаттық ұстанымы үшін берілетін «Жомарт жан» медальдарының иегері.
