Мәсімов пен Әнипа Назарбаеваның серіктесі ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Qarmet кәсіпорнынан құны  1.8 млрд теңге  тұратын мүлікті жымқыру дәйегі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ (қазіргі  Qarmet кәсіпорны) мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған, — деп мәлімдеді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан

💵Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.
👨‍⚖️

Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кетейік Сергей Ким туралы бұған дейін Алматыдағы «Кенжехан» базарына қатысты дауға қатысы болғаны жиі жазылған. Бұл сауда орны кезінде тұңғыш президенттің туған қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесілі активтердің қатарында болған. Сонымен қатар «АлбаСтройДор» компаниясының бұрынғы иелерінің қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, қазіргі таңда Мемлекетке опасыздық жасады,- деген баппен сотталып, жазасын өтеп жатқан Кәрім Мәсімовтің туған ағасы Мырзахан Мәсімовтің болғаны айтылып жатыр.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика