Белгілі актер, кинодраматург, қазақ кино тарихында алтын әріппен жазылған туындының бірі, «Менің атым Қожа» көркем фильмінде басты рольді сомдаған, Нұрлан Сегізбаев 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қаралы хабарлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдімдеді. Ведомство өнер иесінің отбасына көңіл айтты.
Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.
Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай, делінген минстрліктің көңіл айту жазбасында.
Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев 1951 жылғы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол – кеңестік және қазақ киноактері, сценарист, кинодраматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты. Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі болды.
Фото: Malim.kz
