Күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сарпатамалық порталы.
Заңсыз әрекетті Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері анықтап тоқтатты.
Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған.
Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған. Басты күдікті деген екі азамат сот шешімімен екі ай мерзімге сотқа дейінгі қамауға алынды, -деп мәлімдеді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Фото: видео кадрдан
