Көліктегі полиция департаменті Алматы-Бангкок рейсінің бортында төбелес шығарған шетелдік екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Алматы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері екі шетел азаматын Алматы-Бангкок рейсінен алып шықты. Олардың арасындағы дау төбелеске ұласқан. Ұшақ бортындағы бұзақылық үшін қылмыстық іс қозғалды», — делінген Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.
Екеуі уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша құпия болып табылады.
Фото: Almaty News Kaz жариялаған видеодан
