Қазақстандықтардың зейнетақа қоры 25 трлн. теңгеге жетті

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.    
🟦

Қабылдау кезінде Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

🟦Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті.🟦11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті,-деп атап өтті елдің бас банкирі.

Ол сонымен қатар Мемлекет басшысына берген есебінде ел азаматтарының Бірыңғай зейнетақы қорындағы активтері осы жылдың басынан бері айтарлықтай өсімге ие болғаны айтты.

🟦БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды. Жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндады. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді,- деді Т. Сүлейменов.

🟦Оның сөзінше, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

Өз кезегінде Президент Ұлттық банк басшысына елдегі инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Фото:Aqorda.kz📌

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика