Қызылорда бағытына қатынайтын пойыздың вагондары жаңартылады

13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» бағытындағы пойыздың вагондары жаңартылады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамылық порталы

Енді жолаушыларға отандық өндірістен шыққан Stadler вагондары қызмет көрсетеді.

Жаңартылған пойыз құрамы 9 вагоннан жасақталып, 416 жолаушыға арналған. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды.

Жаңа вагондар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен және бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған. Сондай-ақ қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған арнайы орындар және буфет аймағы бар.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты немесе теміржол кассалары арқылы сатып алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның теміржол паркі 162 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Заманауи вагондар Wi-Fi, USB-порттар, кондиционер және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар кейбір вагондарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купелер бар.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика