Алматыда жеке сот орындаушыға борышкерлерден өндіріп алынған қаражатты иемденген және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденіп келген.
Айыпталушы тарапынан жасалған тәртіп бұзушылық қала прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында белгілі болды.
ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды,-делінген Алматы қаласы прокуратурасы берген ақпаратта.
Алмалы аудандық сотының үкімімен ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
