Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Алматыдағы «Байсат» базары қайтадан аукционға қойылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сатылымның бастапқы бағасы 26 706 317 643 теңге деп көрсетілді.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna.kz (2-нұсқа) электрондық платформасында «Көтерме және бөлшек сауда орталығы» ЖШС-нің үлесін сату бойынша қайталама аукцион жарияланғанын хабарлайды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, «Сатыбалдыға тиесілі болып келген бұл базардың құны қыркүйек айында аукционға қойылған болатын. Сол кезде бастапқы бағасы 28 639 882 000 теңге болған.
