«Жаназада отырғандай…»: Тойында өкіріп жылаған блогер көпке жақпай қалды (ВИДЕО)

Желіде атышулы “Қалаулым” бағдарламасының бұрынғы қатысушысы, блогер Ақжарқын Жомартова тойында ағыл-тегіл жылап отырған сәтінің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

Жақында Ақжарқын Жомартова күйеуге шыққан еді, ал тойда түсірілген видео оның жеке парақшасында жарияланды. Видео қазірдің өзінде 2,7 миллион қаралым жинаған.

Блогердің әкесі жарты жыл бұрын өмірден озған. Қызы оның видео қалдырғанын той үстінде білген екен. Кадрларда әкесі “Дос-Мұқасан” әнін қызына арнайды, жүрекжарды тілегін білдіріп, әкелік батасын береді. Сондай-ақ олардың бірге өткізген жылы сәттері бейнеледі.

“Әке. Соңғы видео жайла білмегенмін! Өзімді әрең ұстадым. Сағындым сізді”, – деп жазған ол.

Алайда қыздың сонша өкіріп жылағаны жұрттың ашуына тиді.

«Не болды сонша жаназада отырғандай ужас! Жасанды көрініп тұр прям жылағаны. Әр нәрсенің өз орны боладығо мынау тым артық әрі ерсі!!! Алланың жазғаны оны ұзатуыңда шығарып не керек ой тоба», «Менде тойымда жылағам бірақ дәл былай емес. Менің жасым не бәрі 21 де болды. Ал Ақжарқын 30 дан асқан қыз. Оң соңын тани алатын жаста», — деп жазды оқырмандар.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акжаркын Жомартова (@akzharkyn_zhomartova)

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика