Фото: instagram.com/p/DRT5u6XDLCF/
Ақтөбеде іс-түссіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Әйел адамның мәйітінде зорлық белгілері бар, ал ер адам асылған күйінде табылған, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
Ақпаратты редакциямызға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында оның күйеуінің денесі де асылып тұрған күйінде табылды», — деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Марқұмдардың таныстары олардың артында бес бала қалғанын жазып жатыр. Полиция қылмыстың мән-жайын, кім-кімді өлтіргенін анықтау үшін кешенді шара бастадық дейді.
