«Адамзаттың айуаны»: Яна Легкодимованы өлтіргендер өмірлерінің соңына дейін түрмеде отыратын болды

Фото: Яна Легкодимова/VK

Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Хаиржанов пен Алтынбек Катимовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

Еске салсақ, Атырау қалалық сотында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық істің отырысы аяқталды.

Басты айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов болған.

Елді дүрліктіріп, адам баласына айуандық жасаған айыпталушыларға алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру, қылмысты хабарламау, жасыру және ұрлық баптары бойынша айып тағылған еді.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика