Алыс ауылдар мен шалғай аймақтардағы сыныптар дұрыс жабдықталмаған мектептерге барып, балаларға күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіре отырып, ғылымға қызықтырады. Оқушылардың сыни пайымын жетілдіріп, жаңалықтар ашуға жетелейтін «STEAM Tulpar» қателесуден қорықпауға, керісінше, сабақ алуға, топпен жұмыс істеуге үндейді.
«STEAM Tulpar» — бұл Қазақстанның əр түкпірлерінде STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер жəне математика) бойынша зертханалық тəжірибелер мен тəжірибелік сабақтар өткізуге арнайы жабдықталған көлік. Оның ішкі кеңістігінде интерактивті сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықтар орналастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, икемді сапар кестесінің арқасында «STEAM Tulpar» еліміздің əр жерінде орналасқан мектептер мен білім беру мекемелерінің əртүрлі қажеттіліктеріне бейімделе алады. АҚШ-тағы жылжымалы STEAM-зертханалардан шабыт алған отандық жас мамандар елімізде де осы тәжірибені жүзеге асыруды қолға алды.
MONROE COUNTRY COMMUNITY SCHOOL CORPORATION
Инновациялық мобильді STEAM-зертхана мектепке дейінгі жастан бастап 12-сыныпқа дейінгі балаларға ғылым, техника, инженерия, өнер жəне математика саласында білім алуға тең мүміндік береді. Зертхана MCCSC бастауыш мектептеріне жылына екі рет барып, робототехника жəне инженерия бойынша сабақтар өткізеді.
STEM IN GEAR
Таддеус Стивенс атындағы Технологиялық колледждің бағдарламасы 1–12 сынып оқушыларын өз мектептерінде STEM-іс-шараларға тартады. Бағдарлама сонымен қатар оқу жоспарларын əзірлеуге көмектеседі, мұғалімдердің біліктілігін арттырады жəне STEM-шараларды ұйымдастырады. Сондай-ақ, бағдарлама жергілікті кəсіпорындар мен мектеп округтері арасындағы байланыстарды нығайтады.
