4 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райының нашарлауына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, –  деп хабарлады Jurtmedia.kz

Ақмола, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдың 1 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, – деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар министрлік ел азаматтарына  ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

 

фото: ТЖМ баспасыз қызметі.   

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз