Ол Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Дереккөздің жазуынша, Ералы Лұқпанұлы федерация құрылғалы бері «Ұлы дала жорығы» жобасына тұрақты қолдау көрсетіп, оның дамуына белсене атсалысқан.
Оның қомақты үлесі мен белсенді қатысуының арқасында «Қостанай жылқысы» қайтадан дербес тұқым ретінде танылды.
Айта кетейік, «Joryq» федерациясы аз уақыт ішінде халық арасында кең қолдау тауып, ұлттық спорт саласындағы ірі жобалардың біріне айналды. Соның жарқын мысалы ретінде жыл сайынғы «Ұлы дала жорығы» марафон-байгесі танымал брендке айналып үлгерді.
Бұдан бұрын Тоғжанов Ақтөбе облысынң әкімі, (2022–2023), Премьер министрдің орынбасары, (2020–2022), Маңғыстау облысының әкімі (2017–2019), Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы (2019–2020) болған. 2024 жылғы мамырдан бастап Премьер министрдің кеңесшісі.