Күдіктілер азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Rakhat0425 деген атауды иеленген қаржы пирамидасының әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлері анықтады.
Белгілі болғандай күдіктілер 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған,-деді агенттіктің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.