Алайда, экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оның айтуынша, Сара апа тірі, жағдайы тұрақты және дәрігерлердің ұдайы бақылауында.
Совминканың маңында шоғырланған қарақұрым қауым экс-президенттің күзет қызметі екен. Соңғы күндері Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы зайыбының жағдайын білуге жиі-жиі келіп кетіп жүр.
Аурухананың алдындағы бүгінгі абыр-сабыр да Назарбаевтың келісімен байланысты болған.
Айта кетелік, бұған дейін бірқатар БАҚ «Сара Алпысқызы өмірден озды» деген ақпарат таратқан.