Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша сот жалғасып жатыр. 29 сәуірдегі кезекті сот отырысынан кейін марқұмның адовакаттарының көліктеріне зиян келтірген,-деп хабарлайды JurtMedia.kzақпараттық-сараптамалық порталы.
Сот отырысынан шықтық. Бұл бізге жасалып жатқан қастандық па әлде кездейсоқтық па құдай білсін. Дөңгелектегі екі болтымызды шешіп алыпты. Жол жүргенде байқамасақ, қауіпті болар еді», — дейді адвокаттар.