Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Aqorda-ға сілтеме жасап.
– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік бүгін Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Қазақ әдебиеті ғылымына үлшеусіз үлес қосқан тұлағлардың бірі. Оның артында көптеген монография мен зерттеу кітабы мен және 300-ден аса зерттеу жұмысы қалды.